Елдос Үшкемпіров: «Әкемнен бәріміз үйден шықпауды өтініп едік»

Даңқты спортшы, Олимпиада чемпионы, қазақтың сүйікті ұлы Жақсылық Үшкемпіров тірі болғанда биыл 70 жасқа толар еді. Былтыр 2 тамыз жалғыз Үшкемпіровтер әулеті емес, бүкіл қазақ жұрты үшін қайғылы күн болды. Елде пандемияның нағыз күшіне енген шағында мезгілсіз қайтыс болған күрес шеберінің ортаншы ұлы Елдос Үшкемпіров «Azat alan» жобасына сұқбат берді. Ол әкесінің өліміне не себеп болғанын және кеселді қандай жағдайда жұқтырып алғаны туралы айтып берді.
Жақсылық Үшкемпіров Мәскеу олимпиадасынан соң тура 40 жыл мағыналы өмір сүрді. Елдің көз алдында жүгіріп жүрген, түрлі шаралардың басы-қасынан болатын өте белсенді тұлға болатын. Денсаулығына да көп шағым айта бермейтін ел ағасы пандемияның тырнағына ілініп, 20 күн бойы қауіпті дертпен арпалысқан.
Сұқбатта спортшының балаларына айтып отыратын өсиеті, оның өмірге деген құштарлығы және ата кәсіп - мал шаруашылығына беріліп жұмыс істегені туралы айтылады. Әсіресе қазақ жерінде пайда болған мал тұқымдары: ақ бас сиыр, әулиеата тұқымы, жабы тұқымын көбейтуге, оны өзге де шаруашылықтарға таратуға күш салғанын көпшілік біле бермейді. Ол өткен ғасырдың 50-ші жылдары пайда болған «ақбас сиырдың» палатасына жетекшілік етіп, өз шаруашлығында осы мал түрінің санын 4 мыңға жеткізгені өз ісіне деген адалдығы еді, дейді Елдос Үшкемпіров.
Біздің сайт: azattyq-ruhy.kz
Instagram: azattyq.ruhy
Facebook: Azatruhy/
Telegram: t.me/azattyq_ruhy
Twitter: AzattyqRuhy
Наш сайт: rus.azattyq-ruhy.kz/
Instagram: azattyq.ruhy
Facebook: Azatruhy/
Telegram: t.me/azattyq_ruhy
Twitter: AzattyqRuhy

Пікірлер

  • Асель Сейтказиева
    Асель Сейтказиева5 сағат бұрын

    Жаны Жаннатта болсын! Батыр ага мангилик журегимизде! Улт мактанышы!

  • Капуза Жаркимбекова
    Капуза Жаркимбекова8 сағат бұрын

    Жақсы азаматтың артында мәңгілік ісі қалады,одан кейін ізі қалады деген,баласы керемет азамат екен.Асылдың сынығы деген осы.

  • Ареке Байкожанович
    Ареке Байкожанович8 сағат бұрын

    Ағамыздың еш уақытта аты ошпес.Барында дүние жүзіне озінгана емес,бүкіл қазақстанды әйгілі еткен, бар әлемге басын идірген батыр агамыз,жатқан жері жайлы болсын.Елдос бауырым жарайсың.

  • Сандугаш Миралиева
    Сандугаш Миралиева13 сағат бұрын

    Қандай қарапайым азамат. Тәрбиелі...

  • Батес Серикбаева
    Батес Серикбаева13 сағат бұрын

    Жаны жаннатта болсын

  • Рысбиби Балжанова
    Рысбиби Балжанова18 сағат бұрын

    Аллаа разы болсын осындай балвсына

  • Рысбиби Балжанова
    Рысбиби Балжанова18 сағат бұрын

    Иманды болсын

  • Bagym Omirzhan
    Bagym OmirzhanКүн бұрын

    Қазақша жақсы сөйлейді екенсің,айналайын, Жақсылық ағамыз тамаша тәрбиелеген екен, қандай таза,түсінікті сөйлейсің👍

  • Bagym Omirzhan
    Bagym OmirzhanКүн бұрын

    Жақсылық ағамыздың копиясы екен, қиын әрине,ағамыздың жаны жәннәттә болсын, 🤲🤲🤲ҚАЗАҚ көтерген Нағыз азамат еді, өкінішті ертерек кетті 😥

  • sony L3
    sony L3Күн бұрын

    Қайран азамат иманды болсын ешқашан аты өшпейді

  • Лаура Сейтханова
    Лаура СейтхановаКүн бұрын

    Жаны жәннатта болсын, балалары аман есен болсын

  • Тамир Амир
    Тамир АмирКүн бұрын

    Өзін жігітпін деп журген Ибраимов Ермахан сиякты титушка чемпионнан кудай сактасын, ал Жаксылык ағамыз нагыз жігіт, азамат еді, жаны жәннатта болсын.

  • Гульназ Садвакасова
    Гульназ СадвакасоваКүн бұрын

    Әкесіне қатты ұқсайды екен өмір жастарыңыз ұзақ болсын ұрпағымен мың жасасын Жақсылық ағамыз балаларына керемет тәрбие берген екен өте керемет сөйлейді екенсіз бағдарламаны толық көріп шықтым көзімнің жасын тыйа алмай қарадым сұқпатын.

  • Qwerty Asd
    Qwerty Asd2 күн бұрын

    Букил қазақ халқына ауыр қайғылы жағдай. Жаксылык агамыздын Алла тағала алдынан жарылкасын, жаны жаннаттык болсын. Ағамыз иманды болсын. Ағамыз қазақ халқының мактанышы еди. 🤲🤲🤲🤲🤲🤲

  • Омар Лев
    Омар Лев2 күн бұрын

    Нагыз азамат екен улы

  • Жадра Матенова
    Жадра Матенова2 күн бұрын

    Саналы ұрпақ тәрбиелеген екен, ағамыз! Алла панасына алсын! Артында қалған ұрпақтары аман болсын! Қазақша таза сөйлейді екен, шын жүректен айтып отырғаны, шынайы екендігі анық байқалады.

  • Raushan Kalelkyzy
    Raushan Kalelkyzy2 күн бұрын

    Асыл агамыз ай..кайранда кеткен агамыз ай! Жаннат торинде болуга жазылсын! Режимнен кысастык болса да жетер жерине жетти! Аттен ерте кетти!

  • Мадина Усенова
    Мадина Усенова2 күн бұрын

    Елдос өте керемет жігіт.Қарапайым Ағамнан аумай қалмай қалған.Ағам арты қайрллы болсын.

  • Айткуль Жузбаева
    Айткуль Жузбаева2 күн бұрын

    Неткен мейірімді ұл.Жақсылық ағамыз ұлтының ұлы азаматы еді.Иманды болсын!

  • Нариман Токтасынов
    Нариман Токтасынов2 күн бұрын

    😥😥😥

  • Алтынай Досанова
    Алтынай Досанова2 күн бұрын

    Жүргізушінің басқалардай құйтырқы сұрақтары жоқ адам екен! Кейбіреулер елге танымал ағаларымызды сұхбатқа шақырып алып небір тұрпайы орынсыз сұрақтар қойып өз абыройын да қонақтың абыройын да кетіріп жүр.

  • Алтынай Досанова
    Алтынай Досанова2 күн бұрын

    Жүргізуші кім болса да адамдық тұлғасы биік жан екен. Бет әлпеті, сөз саптауы айтып тұр. Жақсылық аға да баласына жақсы тәрбие берген екен!

  • Алтынай Досанова
    Алтынай Досанова2 күн бұрын

    Нағыз адам еді. Мұндай адам аз! Абайдан кейінгі асыл тұлға дер едім!

  • Жамиля Исабекова
    Жамиля Исабекова3 күн бұрын

    Артында осындай ақылды,саналы,салиқалы ұрпақ қалдырған ағамыздың жаны жаннатта шалқысын! Өте қарапайым,жақсы адам еді! Атын өшірмейиін, ісін жалғастыратын ұрпақтары көбейіп,өсіп-өне берсін!

  • Жамиля Исабекова
    Жамиля Исабекова3 күн бұрын

    Әкеден ұл туса игі,Әке жолын қуса игі

  • Шолпан Мухамбеткалиева
    Шолпан Мухамбеткалиева3 күн бұрын

    Баласынын сози тузу жаксы тарбие алганы коринип тур.

  • Прекрасный Мир
    Прекрасный Мир3 күн бұрын

    Асылдың сынығы. Ақ ниетті екен баласы Елдос.

  • Nurlan Abdikhapar
    Nurlan Abdikhapar3 күн бұрын

    Иманды болсын!

  • Баян Газиева
    Баян Газиева3 күн бұрын

    Жақсылық ағамыздың жаны жәннатта болып, иманы саламат болсын!🤲

  • Жақсыберген Мәмбетәлі
    Жақсыберген Мәмбетәлі3 күн бұрын

    Иманды болсын Батыр ағамыз.

  • Болат Салыков
    Болат Салыков3 күн бұрын

    Автор дұрыс сұрақ беріп үирен мұнауңын масқара ғой

  • Нурбуби Шерияздан
    Нурбуби Шерияздан3 күн бұрын

    Жаксы аке , ...балага 40 жыл азык. Спортсменов нет среди детей?

  • Жуман Мусурмонкулов
    Жуман Мусурмонкулов4 күн бұрын

    Жаксылык ағаның иманын берсин ,артында калган урпактары аман болсын,

  • Айгуль Мустафин
    Айгуль Мустафин4 күн бұрын

    Қандай тәрбие берген ұлдарына, мың да бір тағзым ата - анаңызға! Жақсылық ағаның артындағы ұрпақтарына көңіл айтамыз! Орны толмас өкініш! Берік болыңыздар!

  • Касса Масса
    Касса Масса4 күн бұрын

    Койшы, Назарбаевтын котсурткиси еди гой. Тозакта жатыр.

  • Хасан Хусейн
    Хасан Хусейн4 күн бұрын

    Алла Тағалам Рахымына Бөлесің 🤲

  • Асем Оспанова
    Асем Оспанова5 күн бұрын

    Әкесінің қайтқанына ешкімді кінәламады, өте риза болдым. Өте тәрбиелі екен. 👏👏👏

  • Batyr A
    Batyr A5 күн бұрын

    йманды болсын

  • Гулмира Айнабекова
    Гулмира Айнабекова5 күн бұрын

    Жаткан жери жайлы болсын! Казактын батыр агамыз жануясы аман болындар!

  • Человек Без лица
    Человек Без лица6 күн бұрын

    Омырдын озы тус соны был.

  • Frank heart
    Frank heart6 күн бұрын

    Жақсылық ағамыз атына заты сай,қарапайым өте жақсы адам еді,артында қалған ұрпақтарына қайғырып көңіл айтамын,иманды болсын,алла алдынан жарылқасын

  • Гулсара жумабекова
    Гулсара жумабекова6 күн бұрын

    Елдос Әкешіңнің иманы саламат болсын. Ұрпағымен мәнгі жасайды. Алар асуың көп болсын. Еңбегіңнің рәтін көріңіз. Армандарыңыз орындалсын.

  • Alia A
    Alia A6 күн бұрын

    Жақсылық ағамыздың жаны жаннатта болсын.Ұрпағы тура жолдан таймасаңдар,ағамыздың орны әрдайым жаннатта болады.

  • Назира Лепова
    Назира Лепова6 күн бұрын

    Иманды болсын атакты агамыз.

  • Кайрат Табылдиев
    Кайрат Табылдиев7 күн бұрын

    Қажымұқан атамыздан кейінгі батырымыз Жақсылық атамыз деп білемін

  • Еркежан Турысбекова
    Еркежан Турысбекова7 күн бұрын

    Иманды болсын.🤲🏻

  • Ажар Бейсенбаева
    Ажар Бейсенбаева7 күн бұрын

    Асылдын туягы, балам Елдос аман бол! Керемет жаксы создер, алтын да нар тулга туралы жаксы акпарат бердын. Анан аман болсын! Урпагы 1000 жасасын!

  • Gulnur Tazhibaeva
    Gulnur Tazhibaeva8 күн бұрын

    Жатқан жері жайлы болсын

  • Баха Мынбаев
    Баха Мынбаев8 күн бұрын

    Жаксылык агамыздын аузынан тусип калган екенгой Алла узак омир берсин сизге асылдын туйягы, чемпион агамыздын жаны жаннатта болсын

  • Баха Мынбаев
    Баха Мынбаев8 күн бұрын

    Акесинин ози екен даусына дейн

  • Мурат Аргын
    Мурат Аргын8 күн бұрын

    Как мы болели за Ушкемпирова на Олимпиаде!

  • Gulsara Kenzhebekovna
    Gulsara Kenzhebekovna8 күн бұрын

    Ия оте керемет екен

  • Ардак Кумисов
    Ардак Кумисов8 күн бұрын

    Нау кисини корип, Жаксылык агамызда кайта коргендей болдымгой

  • Бегали Кашкинбаев
    Бегали Кашкинбаев8 күн бұрын

    Иманды болсын

  • Кумис Усекбаева
    Кумис Усекбаева8 күн бұрын

    Ағамыздың жаны жəнəтта болсын.

  • Бакытгул Торебекова
    Бакытгул Торебекова8 күн бұрын

    Ия, айналайын.Әкеңнің жасамаған жасын,көрмеген қызығын артындағы сендерге берсін.Ажалға ешкім қарсы тұра алмайды, қаншама отбасын қайғыға салған жыл болды. Қандай қарапайым, кісі еді.Жаны жәннатта болсын.

  • Жупар Омарбекова
    Жупар Омарбекова8 күн бұрын

    Жақсылық ағамыздың жаны жаннатта болсын. Ол кісіні бәрі жақсы көреді, силы адам ғой.

  • Лико Отеуова
    Лико Отеуова8 күн бұрын

    Қазақтың маңдайына біткен қарапайым да кең жүректі,мықты білекті азаматы еді жарықтық.... жаны жәннаттың төрі болсын. Баласы қарапайым да қазақи екен,ұрпағы аман болсын.

  • Аман Корган
    Аман Корган8 күн бұрын

    Жаны жəннəта болғай керемет Ағамыз еді

  • Гуляна ИС
    Гуляна ИС8 күн бұрын

    Әкеңе қатты ұқсайды екенсің. Әкеңнің иманы саламат болсын!🤲

  • Тимур Саримсаков
    Тимур Саримсаков8 күн бұрын

    Жаны жанната болсын!!

  • Abdizhapar Shalabaev
    Abdizhapar Shalabaev8 күн бұрын

    ОСЫ Кісіні көрген сайын көңілім көтеріліп,арқаланып қалушы едім,теледидардан ғана көрдім,ҚО наев атамыз бен Ж ақсылық ағамыз,менің заманымдағы пір тұтар адамдарым

  • блогер
    блогер8 күн бұрын

    Касиетинен айналайвн ,асыл агамай ,бала кезден сизди ар семья улги тутып отыркшы еди тири кеэинде бир корганымыз сиякты еди уш кайнаса топырагымыз косылмасада ,пир тутып журуши едим ,жаткан жер жайлы болсын

  • АЛМАС АЛМАСОВ.
    АЛМАС АЛМАСОВ.8 күн бұрын

    Жаксылык аганын урпагы аман болсын. Естыгенде быр аттенай деп калдык.

  • Zhaksygul Batyrbai
    Zhaksygul Batyrbai8 күн бұрын

    Жақаңнын ұрпағы мың жасасын, бақытты болсын

  • Zhaksygul Batyrbai
    Zhaksygul Batyrbai8 күн бұрын

    Ең бастысы, адамнын артында өмірін жалғастыратын ұрпақ қалса,ол ұрпақ ақылды парасатты болса ,бекер өмір сүрмегені Жақаң сондай адам болып тұрғой .Жаттқан жері жайлы болсын,жанны жәнәтте болсын.

  • Согра Оскемен
    Согра Оскемен8 күн бұрын

    Арбыр адам ажал дамын татады, жане менын алдыма ораласын деген Аллах Тагала...сабыр берсын сизге...

  • Гулнар Максот
    Гулнар Максот8 күн бұрын

    Әкеңізден аумайды екенсыз ағамыз өте жақсы адам иманды болсын

  • Шаяхмет Құсайынұлы
    Шаяхмет Құсайынұлы9 күн бұрын

    Иманды болсын, жақсы адам еді.

  • Асемкул Жумабаева
    Асемкул Жумабаева9 күн бұрын

    Әкесіне қатты ұқсайды екен Жақсылық ағамыздың жаны жанәтта болсын баласына керемет тәрбие беріп кеткен

  • Лиза Баймолдаева
    Лиза Баймолдаева9 күн бұрын

    Жақсылық ағамыздың тәрбиесін көрген ұлы қандай ақылды,орнықты,байсалды,сөйлеген сөздеріне риза болып отырмын,артына осындай ұлдар қалдырған ағамызға рахмет,сондай қарапайым еді Жақсылық аға,жұмақтан орын бұйырсын,ешқашан ұмытпаймыз ағаны,ұл қыздарымызға айтып отырамыз ол кісі туралы.

  • GG Razen
    GG Razen9 күн бұрын

    Очень хороший человек Настоящий спортсмен порядочныи человек Занимался животноводством При этом оставался всегда человеком

  • Gulzhamal Musalieva

    Gulzhamal Musalieva

    Күн бұрын

    Атына заты сай қайран Аға

  • Баянсулу Лукпановна
    Баянсулу Лукпановна9 күн бұрын

    Жақсылық ағамыздың жаны жәннәтта болғай.. Өшпес есімі елдің жүрегінде, ұлының жүректен шыққан әңгімесін естіп отырып, көзден жас кетті.. ия сағыныш мәңгіге қалады...

  • Аскар Сулейменов
    Аскар Сулейменов9 күн бұрын

    Иманды болсын!!!

  • Гулназ Шағырова
    Гулназ Шағырова9 күн бұрын

    Кандай жаксы ұл тарбиелеген.Ұрпақтары аман болсын.

  • hu black
    hu black9 күн бұрын

    Елдос Атаның өлымы негізі аурудан емес

  • Биби Сати
    Биби Сати9 күн бұрын

    Жақсылық аға, Жақсы аға !!! керемет жан едіңіз ! Сіз Мөскеу олимпиадасында чемпион болғанда қандай қуанып едік! Иманы саламат болсын!

  • Zhaksylyk Senggirbekuly
    Zhaksylyk Senggirbekuly9 күн бұрын

    Елдос жәкеңнің ыйманы саламатта болсын, өте жақсы адам еді, мен шымкенттік деп айтушы еді екай қолында істеп кеткен болатынмын 11 жылы. Меніңде атым жақсылық едіғой, сен мені шығарып салған болатынсың. Екі етаж канторды, газ кіргізгенін тойлаған болатынбыз, меилің аман болыңдар, сәлемі мен жақсылық

  • Перуза Жарылқасын
    Перуза Жарылқасын9 күн бұрын

    Иманы жолдасы болсын жатқан жері жайлы жарық болсын әрқашанда Әмин.

  • Гульнар Исламгаликызы
    Гульнар Исламгаликызы9 күн бұрын

    Әкеңізден айнымайды екенсіз Жақсылық ағамызды Алла тағала рахымына бөлесін

  • Жаксылык Утегенов
    Жаксылык Утегенов9 күн бұрын

    Иманды болсын

  • Жаксылык Утегенов
    Жаксылык Утегенов9 күн бұрын

    Керемет👍🏻

  • Marat Abirov
    Marat Abirov9 күн бұрын

    Елдос бауырым арты каиырлы болсын менде жылап отырмын

  • Аза Орлов
    Аза Орлов9 күн бұрын

    Акесине аумайд

  • Аза Орлов
    Аза Орлов9 күн бұрын

    Коранавирустан кеттима

  • Шипа
    Шипа9 күн бұрын

    Әкеңнің топырағы торқа болсын.Ұрпағына шапағатшы болғай.

  • Darhan Zamanbekov
    Darhan Zamanbekov9 күн бұрын

    Я Акене ешким жетте алмасы анык😢 тарбиесин корип оскен басын гой таза казаки тарбе казакша жаксы сойлескин Акемиз дин Жанны Жаннатта болсын

  • Елдос Тулеутаев
    Елдос Тулеутаев9 күн бұрын

    ЖАНЫ ЖӘННАТТА БОЛСЫН!

  • saq qabanbai
    saq qabanbai9 күн бұрын

    Орнында бар оңалар! Жақсылық ағамыз Иманды жан еді. Иманы жолдас болсын, Әмин!

  • Сагила Жунусова
    Сагила Жунусова9 күн бұрын

    Айналайын, қалқам. Өте қарапайым болған еді. Жаны жаннатта болсын. Еңбегің жемісті болсын. Жақсы бала тәрбиелеген екен.

  • Farida Zabirova
    Farida Zabirova9 күн бұрын

    Атақ даңқы жер жарып қаншалықты биіктесе қарапайымдылығымен бұл өмірдің қасиетін білдірген жан ағам өзіңізге ешбір қатысым болмаса да сізді оқып тыңдап жақсы көрген жанның бірі екенмін Ел қатары қосылып егілдім Жақсы адамдарды жоғалтып алдық... Ұрпағыңызбен мың жасаңыз асыл аға!!!

  • Саке Агибаев
    Саке Агибаев10 күн бұрын

    Жақсылық Ағамыздың жатқан жері жайлы болсын қазақтың нағыз жанашыры еді

  • Rina
    Rina10 күн бұрын

    Көпқайғырма жаным,әкеңнің жатқан жері жайлы болсын.!

  • Акмарал Жамиева
    Акмарал Жамиева10 күн бұрын

    Тамаша сұқпат болған екен аға.Рақмет сізге.

  • nurik nokalai
    nurik nokalai10 күн бұрын

    Жақсылық ағамнан бата алған едім келіншегіммен бірге. Қолтаңбасын да алғам

  • Нагашыбай Сейдахметов
    Нагашыбай Сейдахметов10 күн бұрын

    МОСКЕУ ОЛЕМПИАДАСЫНДА ФИНАЛДЫК БЕЛДЕСУДЕ АЛЕМ ЕВРОПА ЧЕМПИОНЫ РУМЫН ПАЛУАНЫ ДЕМИТРУ АЛЕКСАНДРУМЕН БЕЛДЕСТ1АИАГЫ ОНТ1ЗЕС1НЕНЖАРАКАТ АЛЫП КОВЕРДА АЯГЫНУКАЛАП ЖАТЫР КОМЕНТАТОР НИКОЛАЙ ОЗЕРОВ ХАБАРЛАП ЖАТЫР ЕГЕРДЕ Б1Р МИНУТТА ТУРМАСА ЖЕН1С РУМЫНГА БЕР1ЛЕД1ДЕП САЛДЕНСОН ЖАКСЫЛЫК АГА ТУРЫП КУРЕСТ21 ЖАЛГАСТЫРДЫ ОТЕ АУЫР ФИНАЛ БОЛДЫ ТОРЕШ1 ЖАКСЫЛЫК АГАНЫН КОЛЫН КОТЕРГЕНДЕ КАЗАК ХАЛКЫНЫН КУАНЫШЫ КЕН ДАЛАГАСИМАИ АЛАТАУДАН АСКАНДАИ БОЛДЫ ОСЫ КУАНЫШТЫ КУНД1КАЗАГЫМ КОП ЖЫЛ КУТКЕНЕД1ЖАКСЫЛЫК АГА СИГА ТАРТТЫ ТУГАН ХАЛКЫЫНА ОЛИМПИАДА ЧЕМПИОНЫ БОЛЫП ТОПРАГЫН ТОРКА БОЛСЫН КАБ1Р1Н НУРГА ТОЛСЫН ИМАНЫН ЖОЛДАСБОЛСЫН ХАЛЫКТЫН БАТЫР УЛЫ .

  • Санимгуль Саналина
    Санимгуль Саналина10 күн бұрын

    Иманды болсын

  • Gulzhan Arekenova
    Gulzhan Arekenova10 күн бұрын

    Агамыздын жаны жаннатта болсын, иманды болсын.

  • Батырхан Наурызбаев
    Батырхан Наурызбаев10 күн бұрын

    Больницага жаткандарды кобиси олип Кетти, кайта уйде емделгендер Аман калды

  • Madina Zhunussova
    Madina Zhunussova10 күн бұрын

    Ағамыздың жатқан жері жайлы болсын, иманы жолдас болсын, бұл кісі жақсы сөйлеп отыр, бірақ сұраққа нақты жауап бере алмай отыр, журналист соңғы күнгі өмірін сұрап отыр ғо

Келесі